• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: Біздің Қазақстанымыз - ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала елі

Н.Назарбаев: Біздің Қазақстанымыз - ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала елі

11 Қыркүйек, 2015 12:07
Біз тарихымыздың жаңа шамын жақтық. Біздің бүгінгі және мәңгі Қазақстанымыз – Ұлы Дала Елі, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шара барысында.

«Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан бері Ұлы дала деп, ал бабаларымызды Ұлы даланың ұрпақтары деп атаған. Біз - солардың жалғасымыз. Ұлы даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ ұлы даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып, жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала елі. Бұл -біздің тағдырымыз. Бұл - біздің таңдауымыз. Мәңгілік елімізде бейбітшілік пен береке бола берсін! Халқымыз аман болсын!», - деп аяқтады сөзін Елбасы Н.Назарбаев.

Біздің отанымыздың  халықтық атауы  Ұлы Дала Елі екенін Елбасы атап өтті.

«Ол біздің Отанымыздың өткені мен бүгінгісін, болашағын айшықтап тұр. Біздің қазақстындық мінезіміз бен оның негізгі ерекшеліктері: ашықтық, рухани байлық, жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық, бейбітшілікті сүю, даналық пен еңбексүйгіштік сынды қасиеттері көрініс тапқан. Бұл өз елінің болашағы үлкен болатынына деген сенім», - деді Н.Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар