• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: Ұлы түркі Елі - бұл біздің ортақ атажұртымыз, біздің ортақ мұрамыз

Н. Назарбаев: Ұлы түркі Елі - бұл біздің ортақ атажұртымыз, біздің ортақ мұрамыз

11 Қыркүйек, 2015 12:01
Ұлы түркі Елі - бұл біздің ортақ рухани байлығымыз бар атажұртымыз, деп ағынан жарылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шара барысында.

«Ұлы түркі Елі -   бұл біздің ортақ ата-бабаларымыз мен батырларымыз, ортақ рухани байлығымыз бар атажұртымыз. Бұл біздің ортақ ұлы мұрамыз», - деді Мемлекет басшысы.

Ұлт көшбасшысы атап өткендей, қасиетті жеріміздің тарихы бірнеше мыңжылдықтарды қамтиды.

«Өткеннің көрінбес жібі мыңжылдық тарихпен, заманауи Қытаймен, Жақын, Таяу Шығыс елдерінің өткенімен, болашағымен және Азия құрлығының өзге де бөліктерімен байланыстырады», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар