- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар онлайн қолдау қызметінің кеңесін алуда
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар онлайн қолдау қызметінің кеңесін алуда
Аталған қызметтің жұмысы барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 40 қазақстандық отбасы психологтардың көмегін алды.
Онлайн-қолдау қызметінің негізгі міндеті – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға психологиялық қолдау көрсету, отбасындағы қолайлы әлеуметік-психологиялық климатты, сонымен қатар, физикалық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың психологиялық саулығын қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында мүгедек балалары бар отбасыларына кеңестік көмек беру болып табылады.
Қызметтің жұмысы білікті психологтардың қатысуымен «SKYPE» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Ол ата-аналарға үйден шықпай-ақ кәсіби психологиялық кеңес алуға мүмкіндік береді.
Мамандардың кеңесін алуға өтініш тәулік бойы 1411 телефон нөмірі бойынша қабылданады.
Онлайн қолдау қызметі жайында толық ақпаратты тұрғылықты мекенжай бойынша жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларынан немесе ҚРМУ электронды мекен жайына (i-krmu@mail.ru) хабарласу арқылы алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 17 ақпанында өткен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министрлік басшысы Тамара Дүйсенова биылғы жылы ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салалары жүйесінде көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында бірқатар белсенді шараларды қолға алатынын мәлімдеген болатын.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды