- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Елбасының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өтуде (ФОТО)
Астанада Елбасының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өтуде (ФОТО)
11 Қыркүйек, 2015 11:12
Бүгін Астанадағы мерекелік шаралар легін Мемлекет басшысының, Сенат пен Мәжіліс депутаттарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық қауымдастық өкілдерінің, шығармашылық зиялы қауым, өнер мен мәдениет қайраткерлерінің, сонымен қатар отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан мерейтойлық салтанатты жиын бастады.
Дәл осы күні Астанада «Қазақ хандығынан Мәңгілік Елге» кітап көрмесі мен «Ұлы даланың өшпес тарихы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Оған Қазақстан, Иран, Мысыр, Белоруссия мен Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, білім мен ғылым министрлері, белгілі ғалымдар, әлемнің 18 мемлекетінің мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қатысады.
Бұдан басқа, Назарбаев Университетінде «Мәңгілік Ел» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді, оған 1000-нан астам шетелдік және отандық ғалымдар, халықаралық сарапшылар, әлемнің 20 елінен келген бизнес-қауымдастық өкілдері қатысады.
Бұл күннің айтулы шарасы «Барыс» көпфункционалды мұз кешенінде өтетін «Мәңгілік Ел» мерекелік театрландырылған қойылымы болмақ.
Индира Кауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды