- Басты
- Жаңалықтар
- Еуропалық кардиологтар қоғамы отандық мамандармен бірігіп жүрек-қан тамыры ауруларының проблемаларын талқылайды
Еуропалық кардиологтар қоғамы отандық мамандармен бірігіп жүрек-қан тамыры ауруларының проблемаларын талқылайды
«Оқу курстарына Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған 122 адам қатысуда. Курс ұйымдастырушысы Берлин-Хеми Менарини компаниясының білімге мақсатталған шаралары қолдауымен Еуропалық кардиологтар қоғамы мен Қазақстан кардиологтар қауымдастығы», - деп хабарламада нақтыланған.
Еуропалық кардиологтар қоғамы Еуропа мен ортатеңіз бассейні елдеріндегі кардиология саласындағы 75 000-нан астам маманды біріктіретін ірі медициналық кәсіби қоғамдастық болып табылады. Бұл мүшелігінде 56 елі бар федералды ұйым. Президенті профессор Панос Вардас (Panos Vardas). Ұйымның басты міндеті дәлелді медицина қағидаларын кеңінен қолдану мақсатында жоғары талаптарға негізделген ұсыныстарды жасау мен енгізу. Сонымен қатар, ЕКҚ мүшелері жолықтыратын денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған. Қоғамның мақсаты жүрек-қан тамыр ауруларын азайтып, ЕКҚ мүше елдер ішінде заманауи ем алу құқын тең ету.
Екі күн ішінде Қазақстанның жетекші мамандары мен Еуропалық кардиологтар қоғамы өкілдері еліміздегі жүрек-қан тамыр аурулары салдары мен күре тамыр гипертониясын емдеу мен диагноз қою мәселелерін талқылайды.
Бүгінде Қазақстанда жүрек-тамыр аурулары деңгейі айтарлықтай жоғары. Оқу курстары барысында Қазақстанның кардиологтар қауымдастығы Еуропалық кардиологтар қоғамымен бірлесе осы аурулар деңгейін азайту мақсатында дөңгелек үстел басына жиналады.
Қазақстанға алғаш рет келіп отырған Еуропалық Кардиологтар қоғамының президенті профессор Панос Вардас жүрек-тамыр аурулары мен күре тамыр гипертониясының салдары қаншалықты қауіпті екендігі туралы баяндайды. Профессор Вардас мырзаның келген мақсаты – жүрек-тамыр ауруларын емдеу мен алдын алу шаралары жөнінде тәжірибесімен бөлісу.
Еуропалық кардиологтар қоғамы курс нәтижесінде ұсыныстарын жасайды. Ал қазақстандық кардиолог мамандар алған білімін өз тәжірибелерінде кеңінен қолданып, біліктіліктерін арттыра түсуге мүмкіндік алады.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
Отандық QazVac вакцинасы қаншалықты тиімді -
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ -
Отандық туризмді дамыту: Заңға қандай өзгерістер енгізілмек -
АШ: Отандық асыл тұқымды өнімнің бәсекеге қабілеттілігі арттырылады