ЕЭК-те ЕАЭО-ның Кедендік кодексі талқыланды

11 Қыркүйек, 2015 10:41
ЕЭК-тың отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексін даярлау аясында бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Аталып өткендей, жұмыс тобы ЕАЭО аумағына әкелінетін тауарлар туралы алдын ала міндетті түрде ескерту мәселесін қарады. Нәтижесінде ЕЭК-қа алдын ала ақпарат (АА) беруге міндетті тұлғалдарды анықтау өкілеттілігі берілетін болып шешілді.

Бұдан басқа, Кедендік кордексте ЕАЭО аумағына әкелінетін тауар туралы міндетті түрде АА беру туралы нормасы бекітіледі. Жобадан ЕАЭО-дан тауар алып кетіп жатқаны туралы АА беру туралы нормасы алынып тасталынады. «Осы ретте, қажет болған жағдайда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ұлттық заңнама негізінде АА ағылшын тілінде беруге рұқсат беруі мүмкін», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, тараптардың баж салығы мен салық төлеуге жатпайтын тауарлардың құнын бекіту тәртібінің өкілеттілігі Комиссияға берілсін деген ойы бір жерден шықты.

Барлық жаңалықтар