• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Ыдырысов: Түркі халықтарының сәулеті, поэзиясы мен ғылымы – бүкіл адамзаттың мәдени мұрасының баға жетпес бөлігі

Е.Ыдырысов: Түркі халықтарының сәулеті, поэзиясы мен ғылымы – бүкіл адамзаттың мәдени мұрасының баға жетпес бөлігі

11 Қыркүйек, 2015 10:08
Астана қаласында Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия республикалырының сыртқы істер министрлерінің және ТМЫК, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Түркі академиясының, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының және Ақсақалдар кеңесі түркітілдес елдерінің халықаралық ұйымдары басшыларының қатысуымен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (ТМЫК) сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Кездесу қатысушылары түркітілдес әлеміндегі өзара қызығушылық тудыратын көпжақты ықпалдастық мәселелерін талқылады. Танымал халықаралық ұйымға айналған ТМЫК жетістіктері және оның түркітілдес елдері арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың дамуына қосқан үлесі атап өтілді.

Былтыр маусымда Бодрум қаласында өткізілген ТМЫК IV Саммитінен бері ұйым шеңберінде 50-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылды. «Бұл ортақ тарихынан, мәдениеттерінің, ділдерінің жақындығынан бастамасын алатын түркітілдес елдерінің тығыз ынтымақтастық, теңқұқылық және ниеттестік негізінде жүргізген ТМЫК Хатшылығының белсенді және дәйекті жұмысын көрсетеді», – деп айтты Қазақстанның сыртқы саяси ведомство басшысы Ерлан Ыдырысов.

Отырыс барысында Е. Ыдырысов түркі әлемі Еуразияның кең аумағында 40 түрлі этнос топтарынан шыққан 200 миллионнан астам адам санын құрайтынын атап өтті. «Түркі халықтарының сәулеті, поэзиясы мен ғылымы – бүкіл адамзаттың мәдени мұрасының баға жетпес бөлігі», – деп атап өтті министр.

ТМЫК-нің БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Ислам ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мәртебесін алып, халықаралық ұйымдарға қатысу мәселесі талқыланды. Халықаралық ұйымдар басшыларының өткен саммиттен бері өткен бір жыл ішінде бауырлас мемлекеттер арасында өзара түсінушілік пен сыйластықты нығайту ісіне қосқан зор үлесі туралы баяндамалары тыңдалды.

Түркі академиясы және Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры ұйымдарының қосымша құжаттарына қол қойылды, ТМЫК, ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Түркі академиясының есептері тыңдалып, мақұлданды. Алдағы ТМЫК V Саммиті күн тәртібінің жобасы талқыланды. Е. Ыдырысов айтып кеткендей, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынысымен саммиттің негізгі тақырыбы ақпарат саласындағы ынтымақтастық болмақ. мемлекет басшылары өткен саммиттер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды ү.ж. 11 қыркүйекте қорытындылап, жаңа міндеттемелер айқындайтын болады деп күтілуде.

СІМК отырысы барысында мемлекет басшылары Түрік Республикасының өкілін ТМЫК бас хатшысының орынбасары ретінде, Әзірбайжан өкілін – Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті ретінде тағайындау туралы шешімдерді және құжаттар жобаларын, атап айтқанда Астана декларациясын және Ұйым мүше мемлекеттер басшыларының қабылдауға жоспарланған құжаттарды қарастырды.

 

Барлық жаңалықтар