Қарағанды облысында 502 км автожол пайдалануға беріледі

11 Қыркүйек, 2015 09:07
Қарағанды облысының көліктік инфрақұрылымын дамыту аясында 2015 жылы жолдарды жөндеудің жол картасы әзірленді, осы жылы 502 км жол пайдалануға беріледі, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бүгінгі таңда ірі инфрақұрылымдық жобалар жалғасуда. Оның ішінде ең маңыздысы «Орталық – Оңтүстік» бағыттағы жолдың жөнделуі.

Облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының 163 км жөндеу аяқталды, 8 км жөнделеді, 19 км күрделі жөнделуден өтсе, 136 км орташа деңгейлі жөнделумен қамтылған, ол Есіл арқылы Осакаров ауданына дейін созылады.

 

 

Барлық жаңалықтар