• Басты
  • Жаңалықтар
  • З.Қабулдинов: Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай жоғарылады

З.Қабулдинов: Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай жоғарылады

10 Қыркүйек, 2015 17:54
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті. Ел азаматтары арасында төл тарихымызға деген қызығушылық айтарлықтай артты, деді Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ-дің «Еуразиялық зерттеулер» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының доктары Зиябек Қабулдинов «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1999 жылы шыққан  «Тарих толқынында» кітабында еліміздің аумағында ертеден бері орын алған тарихи оқиғаларға баға берілген. Елбасы Қазақстан аумағында орын алған барша тарихи оқиғаларға жеке-жеке тоқталған. Онда біртұтастылық, көшпенділер өркениетінің өзгешелігі, көшпенділер социумы ерекше суреттеліп, оқырман қауымға ұсынылған. Автор Қазақстанның Ресей империясы мен КСРО құрамындағы дәуіріне де жан-жақты тоқталған», - деп түсіндірді З. Қыбылдинов.

Елбасы ұлттық дүниетаным мен халықтың біркелкілігі мәселесіне ерекше назар аударған, деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы атап өткендей, Елбасының «Тарих толқынында» кітабы қоғамды отарлық санадан арылту жолында үлкен рөл атқарды.

«Кітап жарыққа шыққаннан кейін халықтың дүниетанымы айтарлықтай өсті.  Ел азаматтары арасында төл тарихимызға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Кәсіби тарихшылар үшін ғылыми зерттеулер жүргізуіне барлық жағдай  жасала бастады. 1994 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басталды. 2013 жылы Елбасы «Халық тарих толқынында» арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасын ұсынды, оның атауы біздің кітабымыздың атымен біршама ұқсас. Ал, 2015 жылы Президенттің бастамасымен жалпыұлттық деңгейде «Қазақ хандығының 550 жылдығы» аталып өтуде», - деп түйді З. Қыбылдинов.

Ботагөз Айтжанова

Оқи аласыздар: 

Қазақстан мен Бразилия: Президент кітабы португал тіліне аударылды

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы

Қазақстан Президенті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі

 

Барлық жаңалықтар