- Басты
- Жаңалықтар
- Дүниежүзілік банк Қазақстанда Жастар корпусын дамыту үшін 5 млрд теңге бөлді (ФОТО)
Дүниежүзілік банк Қазақстанда Жастар корпусын дамыту үшін 5 млрд теңге бөлді (ФОТО)
«Бүгін біз Дүниежүзілік банкпен грант туралы келісімге қол қойдық. Грант сомасы 5 млрд теңгені құрайды. Ол жұмыссыз жүрген жастарға бағытталған. Байқау арқылы іріктеліп алынатын жобалар мен жастар ұйымдары арқылы қаржыландыратын болады.Олар әр түрлі саладағы әлеуметтік жобалармен айналысатын болады: мәдениет, спорт, экологиялық жобалар. Бүгінгі таңда қолдауға мұқтаж болып жүрген жастар үшін байқау жарияланып, олардың жұмыспен қамту мәселелері шешіледі», - деді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Жастар корпусын Дамыту жобасында жастардың жігерлігін дамыту, ересектер мен жастар арасында тұрақты қарым-қатынас қалыптастыру үшін қолдау жүйесін дамыту, сондай-ақ жастар арасында жағымды мінез-құлықты ынталандыру сияқты әр түрлі бағыттарға ерекше мән берілетін болады.
Бұл жобаны іске асыруға 8500 жас, оның ішінде жастардың осал топтары, сондай-ақ шамамен 100-ге жуық жастар ұйымы қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі жүргізіп отырған Жоба жастар саясатын іске асыру үшін институционалдық тетіктерді дамытуға ықпал етеді.
Анар Тәңірқұлова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет