Ақмола облысында тіл оқытатын 19 орталық жұмыс істейді

10 Қыркүйек, 2015 18:42
Ақмола облысында 19 тіл оқыту орталығы жұмыс істейді, оның 16-сы аудандық, 2-і қалалық және облыстық орталық, деп хабарлады ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының мәліметі бойынша, соңғы төрт жылда орталықтардың тыңдаушылар саны екі есе артты. Ағымдағы оқу жылы облыс бойынша 448 топ ашылды, онда 4 111  тыңдаушы білім алуда, оның ішінде 2 119  мемлекеттік қызметкерлер.

Ағымдағы жылдың ішінде 1 427 адам сертификат алса, оның 611  мемлекеттік қызметкер. Жалпы алғанда бүгінге дейін 5 306 адам сертификат алды.

Тілдерді дамыту бағдарламасы аясында қазақ тілін меңгергісі келетіндер үшін тегін курстар ашу қарастырылған. Бүгінде 12 орталықта аталмыш курстар жүргізілуде.

Айта кетерлік жайт, Қазақстан бойынша тілдерді оқыту орталықтарының басым бөлігі Ақмола облысында орналасқан.

Барлық жаңалықтар