- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «Өз кәсібінің үздігі» байқауы басталды
Қазақстанда «Өз кәсібінің үздігі» байқауы басталды
Қозғалыстың баспасөз қызметінде хабарлағандай, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің дерегіне сүйенсек, ұзақмерзімді болжамға сәйкес, Қазақстанда жұмысшы мамандықтарға сұраныс әсіресе, 2018 жылға қарай арта түспек.
«Бүгінгі жастардың көбінің ойы жоғары білім алу. Ол дұрыс та шығар. Алайда, жоғары білім алуын алып, кейін өз саласы бойынша жұмыс істемей, нәпақасын тым өзге арнадан айырып жүрген жастарды көптеп кезіктіреміз. Тіпті, сол саласы бойынша жұмыс істесе де айлықтары олардың көңілін көншітпейтіні тағы бар. Мұны түсінген жастар қазір жұмысшы, орта кәсіптік мамандықтарға қызығушылығы ояна бастаған. Бұлар компьютерді жөндеп, аспазшы болып, дәмді ас әзірлеп, кірпіш құятын мамандықтар. Бұл да болсын ол мамандардың бейнеті ауыр, ақшасы аз дейтін кежегені кейін тартып тұратын түсініктің бүгінде ескіргенінің белгісі», - дейді «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының медиадиректоры Қанат Әуесбай.
Осыған орай, байқау мақсаты, жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру. Шараны «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, ҚР білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Әріптес: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ.
Байқауға жасы 30-ға дейінгі жастар қатыса алады. Өтінімдер қыркүйектің 10-нан бастап, 10 қазанға дейін қабылданады. Байқау қорытындысы қазанның соңында шығарылады. Шарт бойынша, жеңімпаздар ақшалай сыйлық, алғыс хаттармен және арнайы кубокпен марапатталады. Жеңімпаздар есімі сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Байқау шарттарымен толығырақ қозғалыстың сайтында танысуға болады.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды