- Басты
- Алматы-Қапшағай автожолының үш учаскесінде құрылыс жұмыстары жүруде
Алматы-Қапшағай автожолының үш учаскесінде құрылыс жұмыстары жүруде

Алматы-Қапшағай автожолының құрылысы және жол саласындағы «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов баяндады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Төрағасының орынбасары айтып өткендей, қазіргі уақытта Алматы облысында ұзындығы 539 шақырым автомобиль жолында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты. Сондай-ақ, Алматыдан Талдықорғанға дейін 235 шақырымда және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің «Алматы-Хоргос» жолының 304 шақырым бөлігінде жұмыстар атқарылуда.
Алматы-Қапшағай бөлігінде құрылыс жұмыстары 3 бөлікте жүргізілуде, Алматы-Қапшағай тасжолының 63 шақырымы 6 жолақты жүру бөлігі болып қайта қалпына келтіріледі. Қалған 41 шақырым жол 4 жолақты болады. Жол цементбетон төсемімен І техникалық дәрежелер көрсеткіші бойынша салынады. Қапшағай – Талдықорған автожолында 6 бөлікте жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы, 2015 жылдың қорытындасы бойынша Алматы-Талдықорған бағыты бойынша 94 шақырым автожол пайдалануға беріліп, Алматыдан Талдықорғанға дейін бір жолақта көлік құралдарының үздіксіз қозғалысы қамтамасыз етіледі.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізі бөлігінде ағымдағы жылы цементбетон төселген 150 шақырым жолға екі бағытта қозғалыс ашылады. Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау 2016 жылға жоспарланған.
Қайта қалпына келтіру жобаларына шамамен 2,5 дана жол-құрылыс техникалары және 6 мың адам жұмылдырылған.
Жалпы елімізде ағымдағы жылы 2 173 шақырым жолда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында оның 667 шақырымына жол ашылады және 578 шақырым автожол тұрақты пайдалануға беріледі.
Бүгінгі күні 10 мың дана құрылыс техникалары мен 27 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған.
Жолдарды қайта қалпына келтіру кезінде қолданылған материалдардың 90% астамы қазақстандық өндіріс материалдары болып табылатындығын айта кеткен жөн. Осылайша, жол құрылысы отандық өндірістің дамуына және еліміздің индустриясына он ықпал етеді.
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді
-
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған сабақтар қорытындыланды
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу
-
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда
-
Қазақстан халқы оппозициялық күштерді неге қолдамайды? Сарапшы пікірі
-
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады
-
Үгіт-насихат жұмыстары: он төртінші күннің қорытындысы
-
Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмайды

