- Басты
- Жаңалықтар
- «Мерейлі отбасы» байқауына 20 ұлттың өкілі қатысты
«Мерейлі отбасы» байқауына 20 ұлттың өкілі қатысты
10 Қыркүйек, 2015 15:46
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына тек қазақ отбасылары ғана емес, Қазақстанның 19 ұлт өкілі қатысты, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззәт Сүлеймен ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
«Байқауға тек қазақ отбасылары ғана емес, Қазақстанның 19 ұлт өкілі қатысты. Олар: орыс, өзбек, украин, неміс, татар, тәжік, корей, поляк, әзірбайжан, ұйғыр, беларус, шешен, түрік, армян, башқұрт, авар, дүнген, күрт ұлтының өкілдері», - деді Л.Сүлеймен.
Сондай-ақ, шараға интернационалды отбасылар да қатысты.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреатын анықтау комиссиясы Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықованың төрағалығымен іріктеу жұмыстарын жүргізді. Комиссия мүшелері үміткер отбасылардың материалдарын зерттеп, 32 отбасының ішінен халықтық дауыс беруге 16 отбасыны іріктеп алды. Байқаудың қорытындысы Астана қаласында 12 қыркүйек күні шығарылады.
Ботагөз Айтжанова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты