• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы кітапханасы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығымен бірлесіп ОА-ның дамуы туралы сараптамалық баяндамаларын таныстырды

Елбасы кітапханасы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығымен бірлесіп ОА-ның дамуы туралы сараптамалық баяндамаларын таныстырды

10 Қыркүйек, 2015 14:46
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті -Елбасы кітапханасы мен Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығымен бірлесіп Орталық Азияның дамуы бойынша сараптамалық баяндамалар желісін жасақтады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Т. Шаймергенов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

Баспасөз конференция барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанның қазіргі және болашақ дамуы жөнінде бес баяндама таныстырылды.

«Орталық дайындаған баяндамалардың авторлары белгілі аналитикалық институттардың есептерін және ашық қолданыстағы материалдарды терең таңдаған, оның үстіне Орталық Азия және басқа да көптеген сарапшылармен интервью жүргізген. Авторлар аймақ мемлекеттерінің сыртқыэкономикалық саясатының болашағы жөнінде өз пікірлерін білдірді. Аталған баяндамалар аймақтың даму потенциалын және әлемдік экономикаға терең интеграция арқылы қолжеткізетін пайдалы аспектілерді, сонымен бірге еуразиялық кеңестіктің трансформациясы астарында жатқан бірегей мүмкіндіктерді айғақтайды», - деді Т. Шаймергенов.

Оның айтуныша, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының баяндамасында Казақстанның сыртқы саясаты жәнеа ймақтағы бастамалары жан-жақты қарастырылған. Қазақстанның Ресей, Қытай, Еуропалық Одақ және АҚШ секілді алпауыт мемлекеттермен сәтті байланыстарына ерекше көңіл бөлінген.

Астана қаласының дамуының потенциалынан басқа баяндамада Қазақстанның Орталық және Оңтүстік Азия, Иран, Түркия елдері бойынша жүргізелетін сыртқыс аясаты туралы талдау орын алды.

Авторлар Қазақстанның еуразиялық ынтымақтастықтағы оңтайлы рөлін ерекше атап өтеді. Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы сарапшыларының пікірінше, Астананың тұрақты сыртқы экономикалық саясаты Қазақстанға Орталық Азияда жетекші орынға ие болып, ірі алпауыт мемлекеттердің аймақтық серіктесі болуға ықпалын тигізді. Сонымен қатар баяндамада Қазақстан Республикасының энергетикалық және көлік саясатынының кең зерттеулері берілген.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар