2018 жылдың соңына дейін Алматыда 500 стартап жоба қаржыландырылады

10 Қыркүйек, 2015 17:08
Бүгін Алматыға Инвестиция және даму министрі бастаған жұмыс тобы келді. Әсет Исекешев сапары аясында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бірқатар индустриалды кәсіпорындарда болады.

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек және «Инновациялық технологиялар паркі» Автономды кластер қорының бас директоры, ИТП АЭА өкілдерінің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлады Қазақстандық баспасөз клубы.

Қазіргі уақытта ИТП АЭА «Almaty TechGarden» - Алматы қаласындағы инновациялық кластердің өзегіне айналды. Ол үшін автономды кластерлік қор құрылды (АКҚ). Келесі жылдан бастап аталған қор жоғары технологиялық стартаптарды (оның ішінде - шетелдік) тартатын болады және трансұлттық корпорациялармен бірлесіп технологиялық Орталықтар құрады.

2018 жылдың аяғына дейін 500 стартап/инновациялық жобаны қаржыландыру; өнімінің 50 пайыздан астамын шетелге сататын қазақстандық 50 инновациялық стартап-компания құру; компаниялар құру үшін ТҰК қатысуымен бірлесіп технологияларды дамытатын 5 орталықты іске қосу; «ИТП» АЭА қатысушы-компанияларда 2000 астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өндіріс орындарының аяқ асты тоқтап қалуын және адамдардың жаппай қысқаруын болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың басында жедел жоспар қабылданған болатын. Ол негізінен кәсіпорындарды (ірі, орта, шағын) қазақстандық үлесті дамыту есебінен, отандық кәсіпорындар жүктемесін қамтамасыз ету және басқа да нақты шаралар арқылы қолдауға бағытталған.

Барлық жаңалықтар