• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР ИДМ мен «Rio Tinto» арасындағы серіктестік стратегиялық әріптестікке айналды

ҚР ИДМ мен «Rio Tinto» арасындағы серіктестік стратегиялық әріптестікке айналды

10 Қыркүйек, 2015 15:03
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Rio Tinto» британ тау-кен компаниясы геологиялық барлау операцияларының басшысы Стэфен Макинтошты қабылдады. Оның басшылығында «Rio Tinto» компаниясының әлемнің 18 елінде өз қызметін жүргізетін 550 ғаламдық геологиялық барлау командасы бар, деп хабарлады ведомствода.

Стэфен Макинтош министрді Қарағанды облысындағы Қорғантас және Балқаш-Сарышаған учаскелеріндегі бірлескен жобалар бойынша жұмыстардың барысы туралы және келешектегі жоспарлар туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізілді, геологиялық деректер базасын, тексеру және рекогносциялық іздеу маршруттарын дайындау, түбегейлі геохимиялық сынамалар жасау жұмыстары орындалды.

Жалпы алғанда, ҚР ИДМ «Rio Tintoмен» компанияның қазақстандық тарапқа бұрын елде болмаған технологияларды беруі туралы уағдаласты, сондай-ақ 60 қазақстандық мамандарды даярлау туралы.

Бұдан басқа, Әсет Исекешев инвесторларға Қазақстанда  модельдік фабрика және Кадрлар даярлау жөніндегі орталық құруға қатысуды ұсынды.

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың жазында «Rio Tinto» компаниясы «Қазгеология» АҚ бірлесіп Қарағанды облысындағы Қорғантас және Балқаш-Сарышаған учаскелерінде озық әлемдік технологияларды қолдана отырып, ірі кен орындарын іздеу жөніндегі геологиялық барлау жұмыстарын бастады. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша әлемдік деңгейдегі мыс кен орындары табылады деп күтілуде. Іздеу кезеңіндегі инвестициялар 15 миллион шамасында АҚШ долларын құрайды.

 

Барлық жаңалықтар