- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚМ байланысшылары Қазақстанда өндірілген жаңа байланыс құралдарын қолдануда
ҚР ҚМ байланысшылары Қазақстанда өндірілген жаңа байланыс құралдарын қолдануда
Байланысшы әскери қызметшілер оқу-жаттығуды өткізу барысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командалық пунктін байланыстың барлық түрімен қамтамасыз ету үшін далалық торапты өрістетті. Тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында құрастырылуы Петропавл қаласында жүзеге асырылған қазақстандық өндірістің жаңа байланыс құралдары, яғни, радиостанциялар пайдаланылды.
Сонымен қатар әскери байланысшылар оқу-жаттығуды өткізу орнында онлайн режімінде деректерді тарату мүмкіндігі бар байланыс құралдарын қолданды. Сондай-ақ бұл байланыс құралдары бейнетрансляция жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл оқу-жаттығу байланыстың телеграфтық, телефондық, радио байланысымен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда қажетті практикалық дағды мен жоғары жауынгерлік машықты арттыруға мүмкіндік туғызды.
Сондай-ақ жаңа технологиялар қолданылды, жерсеріктер арқылы осы байланысты жүзеге асыратын ғарыштық байланыс станциясы. Әскери қызметшілердің жеке құрамы батальонға қойылған тапсырмаларды орындауға мүкміндік берген жоғары далалық дағдыны көрсетті. Барлығы оқу-жаттығуға 200-ден астам әскери қызметші мен 50-ден аса бірлік техника тартылды. Байланыс бойынша мұндай кешенді жаттықтыру жыл сайын жылына бір рет өткізіліп тұрады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер