- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: «КСС Астана» ЖШС энергияны үнемдейтін шыны пакеттерін өндіреді (ФОТО)
ИИДМБ: «КСС Астана» ЖШС энергияны үнемдейтін шыны пакеттерін өндіреді (ФОТО)
Зауыт Үкіметтің энергияны үнемдеу және қауіпсіз құрылыс материалдарын пайдалану бағдарламасындағы техникалық регламентті орындау аясында салынды және қыс мезгілінде ғимараттағы жылуды сақтап қалуға мүмкіндік беретін энергияны үнемдейтін шыны пакеттерін шығарады.
«Біздің кәсіпорын 1 жылдан сәл көп уақыт жұмыс істеп келеді. Ол 2014 жылы мамыр айында ашылды. Бүгінде зауыттың өндіріс қуаттылығы айына 15-20 мың шаршы метр шыныны өндіруге жетеді, бұл шамамен жылына 300-400 мың шаршы метр болып табылады. Біздің зауытмызда энергияны үнемдейтін шыны пакеттері мен өнімдерді өндіретін барлық құрал-жабдықтардың түрлері бар», - деді «КСС-Астана» ЖШС директоры Әнуар Алдамұратов арнайы баспасөз туры барысында.
Зауыт Lisek (Австрия), Biesse S.p.A (Италия), Bistronic (Германия), Финляндияның әлемдік өндірушілерінің өндірісті автоматтандырылған басқару жүйесімен қамтылған ең заманауи технологиясымен жабдықталған.
«Қазақстанның шыныны қайта өңдеу бойынша барлық зауыттарына шикізат Ресейден келеді. Біздің зауытымыздың ерекшелігі құрал-жабдықтары мен мамандарының біліктілігінде. Қазақстанда адамдарды шыны өндірісіне оқытатын оқу орны жоқ. Біз адамдарымызды 2 ай бойы өзіміз оқытамыз, содан кейін аттестациялаудан өткіземіз, содан соң олар оператор болады», - деп атап өтті ол.
Зауытта 90-ға жуық адам жұмыс істейді. Диреткордың айтуынша, олар үшін жұмыс істеу барысында барлық жағдайлар жасалған және әлеуметік қолдауда көрсетіліп келеді.
«Зауыт қызметкерлеріне тамақтану, үйлеріне жеткізу, денсаулығы мен өмірін сақтандыру, жеке қорғаныс құралдары: каска, қорғаныс көзілдірігі, арнайы аяқ киім, комбинезон қарастырылған. Зауыттағы жұмысшылардың орташа жалақысы шамамен 120-130 мың теңге», - деді Ә.Алдамұратов.
Анар Тәңірқұлова
-
Covid-19: «Спутник V» әсері, желідегі ақпараттар, вирус тасымалдаушыны анықтайтын мобильді қосымша -
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Қашықтан оқу үшін оқушылар компьютерді қалай және қайдан алады -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Қ.Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты -
«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы: COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмек жеткілікті -
Елордада полиэтилен пакеттерін жинау эко-акциясы өтеді -
Әрбір ипотекалық қарыз алушының өтініші жеке тәртіпте қаралмақ -
Еліміздегі егіс алқаптарының 25% "Астана-Нан" ЖШС дәрі-дәрмектерімен өңделеді -
Заңда ұйымдастырушы мен қатысушының құқықтары толыққанды қарастырылған – Ж.Каримова -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)