• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда жыл соңына дейін үлескерлік құрылыстың 9 нысаны пайдалануға беріледі

Қазақстанда жыл соңына дейін үлескерлік құрылыстың 9 нысаны пайдалануға беріледі

10 Қыркүйек, 2015 11:56
Қазақстанда 2015 жылдың соңына дейін 9 нысанның құрылысы аяқталады, бұл -1153 үлескер, 2016 жылға 5 нысан қалдырылады, ол -511 үлескерге тең. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

«2007-2008 жылдары біздің сала ақсаңдап, құрылыс дағдарысқа душар болды, сол кезде 64300 үлескер дағдарыс жағдайына тап болды.  Мемлекет басшысы тарапынан аталмыш салаға қаржы  бөлу тапсырысы берілді.  62700 үлескердің мәселесі шешіліп, өз пәтерлерін алды», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда 14 нысанды аяқтау қалды, ол 1664 үлескерге тең.«Біз барлық үлескерлер туралы мәліметті білеміз, ешкім тасада қалған жоқ. Біз бұл жағдайды қатаң бақылауда ұстап отырмыз, 2015 жылдың осңына дейін  9 нысан, яғни 1153 үлескер бойынша құрылыс жұмыстары аяқталады, ал, 2016 жылға 5 нысан қалады, ол 511 үлескерді құрайды», - деді Қ.Өскенбаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар