• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Соловьева: Мәжілісте жергілікті өзін-өзі басқару заң жобасы қаралуда (ВИДЕО)

А.Соловьева: Мәжілісте жергілікті өзін-өзі басқару заң жобасы қаралуда (ВИДЕО)

10 Қыркүйек, 2015 12:13
ҚР Парламент Мәжілісінде жергілікті өзін-өзі басқару заң жобасы қаралуда, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева Ақмола облысы Арнасай ауылындағы «Жасыл» технологиялар» Халықтық академиясы» білім беру орталығының ашылу салтанатында.

«Заң жобасы жұмысқа енді алынды. Біздің тұжырымдама бойынша екі кезең қарастырылған. Осыған дейін жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заң жобасы болса, қазір  жергілікті өзін-өзі басқаруға ерекше  көңіл бөлініп отыр. Мемлекет істерін конституциялық негіз бойынша жүзеге асыруға да тұрғындарды алдын ала дайындау қажет», - деді А.Соловьева.

Оның айтуынша, аталмыш заң жобасының тұжырымы салықтың  жергілікті  деңгейге берілуінде.

«Барлығы облыс, аудан, ауыл аясында қабылданатын болады. Бюджетті бөлу жүруде, сондай-ақ, бірқатар салықтар жергілікті деңгейге беріледі. Олар өздері шешім қабылдайды. Бұл мәслихаттарды күшейту, қауымдастықтарды нығайту болып есептеледі. Сондай-ақ, бұл әрекет  орталықсыздандырудың маңызды үрдісі және Конституцияны жүзеге асырудың негізі мен демократиялық ұстанымы болып табылады.

Ботагоз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар