- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялады
Сенат қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялады
Айта кетейік, тұжырымдама Нассауда 1992 жылдың 23-ші мамырында қабылданды.
Жақып Асанов Сенатта «Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасады. Оның сөзінше, Румыния және Болгариямен жасалған шарттар екіжақты болса, бұл құжат көпжақты болып табылады.
«Әрине, әрбір елмен жеке-жеке келісім жасағаннан гөрі, осындай көпжақты конвенцияларға қосылған тиімдірек. Бұл конвенцияның қатысушылары – АҚШ, Канада, Мексика, Бразилия, Боливия, Венесуэла, Колумбия, Аргентина, Чили, Ямайка сияқты Америка құрылығының 26 мемлекеті. Яғни, бір құжат арқылы біз бір мезгілде осынша америкалық мемлекетпен қарым-қатынас орнатамыз. Келешекте бұл конвенцияға қатысушы елдердің саны артатынын ескерсек, онда біз байланыс жасайтын елдердің қатары да көбейе түседі», - деді Ж.Асанов.
Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, бұл конвенция кез келген мемлекет үшін ашық құжат, Еуропа кеңесі сияқты оның әрбір мүшесінің жеке келісімін алуды қажет етпейді.Конвенцияда құқықтық көмектің түрлері, олардан бас тартудың негіздері қарастырылған.
«Америкада сотталған азаматтардың жазасының қалған бөлігін Қазақстанда өтеуге бола ма, жоқ па деген сауалдар қойылады. Бұл мәселе бүгін қаралып отырған шартпен реттелмейді. Ол сотталғандарды беру туралы басқа конвенцияда қаралған, оған қосылу мәселесі Мәжілістің қарауына келесі аптада жалпы отырыста шығарылады деген болжам бар. Бұл шарт ратификациядан өтсе, онда Америкада сотталған азаматтарымызды елге қайтару жайлы біздің сұрауымызды қарауға құқықтық негіз пайда болады», - деді Ж.Асанов.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы