• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Қожахметов: Астанадағы коммуналдық базарда қалалық тұрақтандыру қорының өнімдері сатылады

М.Қожахметов: Астанадағы коммуналдық базарда қалалық тұрақтандыру қорының өнімдері сатылады

10 Қыркүйек, 2015 11:03
Тұрақтандыру қоры өнімдерінің бағасы әлдеқайда төмен болады. Астанада «Шапағат» нарығында өнімдер сатылады, деді «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ҰК» АҚ аппаратының жетекшісі Мұхтар Қожахметов Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Тұрақтандыру қорын қалыптастыру үдерісі 2011 жылдан бастап жүруде.  Мемлекет нақты тізім бойынша өндірістік өнімдерді сатып алу үшін қаржы бөледі. «Astana» ӘКК бұл тауарларды әкімдік бекіткен бағалар бойынша нарыққа шығарады.  Бұл үдеріс  төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.  Қазір біз қалған қорды сатып жатырмыз.  Тұрақтандыру қорының өнімі әлдеқайда арзан.  Астанада «Шапағат» базарында  сатылым жүруде», - деді М.Қожахметов.

Оның айтуынша, 2011-2015 жылдар аралығында тұрақтандыру қорына  1 500 млрд теңге бөлінді.  Бұл қаржыға  өнімнің 10-15 түрі сатылып алынды. Оның ішінде астық, көкөніс, қант және ұн бар.

«Қалған өнім 3 айға дейін жетеді. Мәселен, қазір 250 тонна күріш, 35 тонна қарақұмық, 80 тонна қант бар», - деді М.Қожахметов.

Айта кетейік, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арасында аграрлық шаруашылықтардың өткізу нарықтарына шығуына көмектесіп, өзара түсіністік пен ынтымақтастыр туралы меморандумға бүгін қол қойылды.

Тараптар отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімдерінің Астана қаласының нарықтарында тікелей қолжеткізуді қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ жобаларды іске асыру бойынша күштерін біріктіруге ниетті.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар