• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенат Қазақстан мен Румыния арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялады

Сенат Қазақстан мен Румыния арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялады

10 Қыркүйек, 2015 10:39
ҚР Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

«Құжаттың ережелеріне сәйкес, Қазақстан мен Румыния қылмысқа жатқызылатын кез келген істерді қарау барысында мейлінше құқықтық көмектер ұсынатын болады. Бұл ретте құқықтық көмектерге құжаттарды тапсыру, тұлғалар мен нысандардың орнын немесе сәйкестігін  анықтайды. Сонымен қатар, қамаудағы тұлғаны уақытша беру, бейнеконференция арқылы өтініштер мен куәліктер алу, тінту жүргізу, алып қою мен тәркілеу шаралары да жүзеге асырыла алады», - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов.

Алайда, ҚР Бас прокурорының орынбасарының айтуынша, тараптар бір біріне өзгеде көмек түрлерін көрсете алады, тек ол ұлттық заңнамаға қайшы келмеуі керек.

Ж. Асанов атап өткендей, румындық тараптар аталмыш шартты ратификациялау бойынша қажетті процедураларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, осындай келісімдер бұдан басқа  22 елмен жасалды. Атап айтқанда, Сенат «Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады.

Барлық жаңалықтар