• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Сқақов: Ұлт жоспарының 36-37 қадамдары - салық және кеден жүйесін интеграциялау реформасының жалғасы

Ә.Сқақов: Ұлт жоспарының 36-37 қадамдары - салық және кеден жүйесін интеграциялау реформасының жалғасы

10 Қыркүйек, 2015 10:32
«100 нақты қадам» – бұл үлкен мегажоба. Оның кез келген қазақстандық үшін және біздің болашақ ұрпағымыз үшін маңызы жоғары екенін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Әбілқайыр Сқақов ведомствода өткен жиында айтты.

Өз баяндамасында ведомство басшысы қатысушыларды Ұлт жоспарының басты тармақтарымен таныстырды. Сқақовтың айтуынша, 5 реформаның барлығы Қазақстанның дүние жүзінің дамыған 30 елінің қатарына кіруге бағытталған жаңа идеялардың іске асуына мүмкіндік береді.

Бес реформа да өмірдің барлық саласын қамтиды. Мансаптық тәсілге негізделген мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру, мемлекеттік қызметке шетелдік мамандарды тарту. Жергілікті полиция қызметін құру, сот жүйесін реформалау. ЭКСПО-2014 инфраструктурасы негізінде ағылшын құқығы бар Астана AFIC халықаралық қаржы орталығын ашу.

Сөз сөйлеуші реформаның тең жартысы экономикалық даму мен индустриализация сұрақтарын қамтитынын айтты. Мәселен, 37-46 бөлім кедендік рәсімдеуді оңтайландыру мен салық және кедендік әкімшілендіруге тікелей бағытталған. Сқақов бұл қадамдардың салық және кеден жүйесін интеграциялау реформасының жалғасы екенін атап өтті.

««100 нақты қадам – бұл үлкен мегажоба. Оның кез келген қазақстандық үшін және біздің болашақ ұрпағымыз үшін маңызы жоғары. Ұлт жоспарының әр тармағы оқушы мен студентке де, шаруа адамына, мемлекеттік қызметкер мен кәсіпкерге де түсінікті. Сондықтан әрқайсысымыз оның жүзеге асуын өз жұмыс орнымызда, отбасында және қоғамда қамтамасыз етуіміз керек» – , деді Сқақов.

Ведомствода хабарлағандай, жаңа реформалар талқыланып болған соң, Департаменттің құрылымдық бөлім басшылары мемлекеттік бюджетке түсімді арттыру, жалған кәсіпкерлікпен күрес және тауар импортына арналған жұмыс жоспарының орындалғаны туралы есеп тыңдалды. Жыл соңына дейін Департамент басты назарды «Астана – жалған кәсіпорындардан таза қала» атты жұмыс жоспарының орындалуына арнап отыр. Бұл құжат жаңа форматта жасалып, барлық фискалды қызметтің тығыз байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Отырыс нәтижесінде жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстар туралы айтылып, мемлекеттік бюджетке Астана қаласынан құйылатын қаражатты жинау жоспары мен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес тақырыбы талқыланды.

 

 

Барлық жаңалықтар