• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚазТрансОйл Мұнай тасымалдаушылар халықаралық қауымдастығының мүшесі атанды

ҚазТрансОйл Мұнай тасымалдаушылар халықаралық қауымдастығының мүшесі атанды

10 Қыркүйек, 2015 10:17
Мәскеуде Мұнай тасымалдаушылар халықаралық қауымдастығы басқарма кеңесінің отырысы өтті, келелі кеңесте «ҚазТрансОйл» АҚ қауымдастыққа мүшелікке алу туралы шешім қабылданды, деп компаниядан хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Мұнай тасымалдаушылар халықаралық қауымдастығы 2014 жылы 11 желтоқсанда құрылған болатын, оның құрамына  «Транснефть» ААҚ (Ресей Федерациясы), «МЕРО ЧР» компаниясы (Чехия), «Транспетрол» компаниясы (Словакия), «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ (Беларусь) мен «МОЛ» компаниясы (Венгрия) мүшелікке алынған.

Қауымдастық қатысушы-компаниялардың мұнайтасымалдау жүйесін үйлестіру және халықаралық мұнай тасымалдауда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін құрылған.

Болашақта Польша, Германия, Қытай және өзгеде мемлекеттердің суқұбыры оператор компаниялары қауымдастықтың мүшесі болуы мүмкін.

Барлық жаңалықтар