- Басты
- Жаңалықтар
- Құлжа даңғыл жол бөлігіндегі жоспарлы жұмыстар уақытынан бұрын аяқталды - ҚазАвтоЖол
Құлжа даңғыл жол бөлігіндегі жоспарлы жұмыстар уақытынан бұрын аяқталды - ҚазАвтоЖол
Құлжа даңғыл жолы - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль дәлізінің бөлігі болып табылатын стратегиялық магистраль. Жол бойындағы қозғалыс қарқындылығы тәулігіне шамамен 40 мың автокөлікті құрайды. Соңғы рет орташа жөндеу 2009 жылы жасалған. Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20 шақырым болатын 2 бөлікте орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
Жаңартылған бөлік «Алматы-Көкпек-Чунджа-Көктал-Хоргос» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 12-30 және 33-35 шақырымында орналасқан. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облысының қызметкерлері аталған бөлікте 3 ай ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында, «Резеңке үгінділерінің негізінде асфальтбетонды кешенді жақсарту» және «Асфальтбетонды геосинтетикалық материалдармен арматуралау» сияқты жаңа технологиялар қолданылды. Резеңке үгінділерімен асфальтбетонды жақсартуды қолдану асфальтбетонның төзімділік қасиеттерін, суға төзімділігін, жоғары және төмен температурада пайдалану кезінде асфальтбетон төсем пішінінің өзгеруінен сақтауға көмектеседі. Арматуралық қатпарлау көліктен түсетін салмақты үлкен көлемге басқаша бөліп, жол төсемінің көтергіш қабілеттілігін арттырады, сызаттардың пайда болуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Алматы облысы бойынша 2015 жылдың жоспарына республикалық маңызы бар «Алматы-Талғар-Евгеньевка» автомобиль жол бөлігінің ұзындығы 21 шақырым болатын 25-30, 45-61 шақырымына орташа жөндеу жөндеу жұмыстарын жүргізу қосылған. Жол бойындағы қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 37 мың автокөлікті құрайды. Соңғы рет аталған жол бойында жөндеу жұмыстары 2011 жылы жүргізілген. Асфальтбетон төселген ІІІ сатыдағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстары мерзімінен 1,5 ай бұрын аяқталуда.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы