Гонконгте екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды

9 Қыркүйек, 2015 18:26
Қазақстан Республикасының Бас консулы Әнуарбек Ағынғазин Гонгконгте ҚХР Арнайы әкімшілік ауданы әкімшілігінің басшысы Лян Чжэнъинмен кездесті.

ҚР СІМ хабарлағандай, кездесу барысында  тараптар Қазақстан-Гонконг ынтымақтастығының келешегі мен қазіргі жағдайын талқылады. Экономикалық өзара байланыс  саласындағы басым бағыттардың бірі ретінде тараптар инвестиция саласын атады. Кездесу аясында «Жаңа Жібек жол» мен «Жібек жолының экономикалық жолы» жобаларын талқылау жүзеге асты.

Кездесу аясында Бас консул гонконг тарапын Астанадағы ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.

 

Барлық жаңалықтар