- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ медициналық қызмет сапасы бойынша біріктірілген комиссияны құру жұмыстарын жүргізуде
ҚР ДСӘДМ медициналық қызмет сапасы бойынша біріктірілген комиссияны құру жұмыстарын жүргізуде
«Комиссияны құрудағы басты мақсат – емдеу хаттамасын, медициналық білім стандарттарын, дәрілермен қамсыздандыруды жетілдіру, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бақылау арқылы медициналық қызмет көрсетудегі үздік стандарттарды енгізу. Сонымен қатар, комиссия азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге медициналық қоғамды жұмылдыру мақсатында құрылмақ», - деді Назарбек Бейсен.
Атап өтілгендей, бірінші кезеңде комиссия ҚР ДСӘДМ жанында ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен консультативтік-кеңес органы ретінде ұсыныстарды дайындау мақсатында жұмыс істейтін болады. Бұл кезең – өтпелі болады. ҮЕҰ-ның дайындығына қарай оларға мемлекеттік органның белгілі бір қызметтерін атқару ісінің берілуі қарастырылады.
Бұл міндеттерді орындау үшін комиссия сараптау және жұмыс топтарын құруға уәкілетті болады. Ол өз құзырына кіретін келесі мәселелерді қарастыратын болады: мүдделі тараптардың ұсыныстарын қарастыру регламентін бекіту; қажет болған жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық көмекті стандарттау мәселелері бойынша сараптау, бағалау, талдау мақсатында штаттан тыс бас мамандарды, тәуелсіз сарапшыларды, халықаралық ұйым өкілдерін, денсаулық сақтау субъектілерін өзге салалардың мамандарын шақыру, министрлікке заңға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жасау.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері кіретін болады. Оның жұмысына халықаралық ұйымдар мен пациенттердің өкілдері бақылаушылар ретінде қатысатын болады. Осылайша, комиссияны құру – халыққа көрсетілетін мецициналық көмектің сапасын арттырады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді