ШҚО-ның ет пен сүт экспортының әлеуеті артуда

9 Қыркүйек, 2015 18:41
Бородулиха ауданы ет пен сүт өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда, олар тауардың сапасын арттыруды да көздейді, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпарттық орталығы аудан әкімі Григория Акуловқа сілтеме жасай отырып.

Аудан басшысының айтуынша, бірнеше жобаларды жүзеге асыру есебінен ет пен сүт өнімдерінің экспорттық әлеуеті артуда. Сонымен, «Жұмағұлов»  шаруақожалығы 15 млн теңгеден астам қаржыға жылқы сатып алуға өтініш берді. Өз қаржысы есебінен 50 бас қызыл жазық тұқымды  және 40 млн теңгеден астам қаржыға 100-ден астам бас қазақ ақбас тұқымдас ірі қара мал сатып алынды.

 «Зайтенов» шаруақожалығында ирригациялық жылжымалы суару қондырғысын орнату арқылы жем базасын нығайту жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, аталмыш шаруақожалығында  3031,1 млн теңге 240 бас сиырды еркін сау жобасы іске қосылды, нәтжесінде сүтті сау 4500 - 5000 литрге дейін артатын болады.

«Аймақта 5 сүт қабылдау пунктісі жұмыс істейді және ол 9 ауылдық округті қамтиды. Жыл соңына дейін тағы екеуін Бородулиха мен Камышенка ауылында ашу жоспарлануда», - деді әкім.

Барлық жаңалықтар