• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Сәрінжіпов: ТМД елдері білім беру саласында серіктестікті дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарды

А.Сәрінжіпов: ТМД елдері білім беру саласында серіктестікті дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарды

9 Қыркүйек, 2015 15:28
ТМД елдері білім беру саласында көпжақты серіктестікті дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарды, деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ТМД елдері білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңесінің отырысында.

«ТМД елдері білім беру саласында көпжақты серіктестікті дамыту  бойынша үлкен жұмыстар атқарды», - деп мәлімдеді министр.

Аталып өткендей, келелі кеңесте білім саласындағы ынтымақтастық бойынша 10-ға жуық мәселе талқыланатын болады.

«Біз базалық университтердің қызметімен байланысты және оқу бағдарламасын жасақтауда ынтымақтастық орнату мәселелерін қарастырып жатырмыз. Келесі жыл Білім жылы деп жарияланған. Нақты шараларда жоспарланған», - деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.

Сонымен қатар, А. Сәрінжіпов  атап өткендей, ТМД елдері білім беру саласындағы ынтымақтастық кеңесі Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында өткізілуде.

Айта кетерлік жайт, халықаралық кеңеске Армения, Беларусия, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан мемлекеттерінің білім және ғылым министрлері, ТМД елдерінің делегаттары  қатысты.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар