- Басты
- Жаңалықтар
- eGov.kz әзірлеушілері қырғыз және әзірбайжандық әріптестерімен тәжірибе алмасты
eGov.kz әзірлеушілері қырғыз және әзірбайжандық әріптестерімен тәжірибе алмасты
Қазақстандық делегация Қызғызстан мен Әзірбайжанда электрондық үкіметті дамыту бойынша жауапты мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесу өткізді, жергілікті ақпараттық технологиялар парктері мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының аналогтарымен танысты.
Қызғызстан Үкіметінің электрондық басқару орталығында атап өтілгендей, елде АКТ дамуы «Ақпараттандыру туралы» заңымен реттеледі. Қазіргі таңда республиканың электрондық басқару жүйесі көшпелі кезеңді бастан кешіріп отыр, оның негізі мақсаты - қолдағы нормативтік базаны талқыға салып, жетілдіру. ҚР мемлекеттік қызметтер реестрі 396 қызметтен тұрады, олардың 26-ын автоматтандыру қажет.
Әзірбайжан республикасында, Байланыс және жоғары технологиялар министрлігінің Ақпараттық-есептеу орталығы директорының орынбасары Назим Мадатовтың айтуы бойынша 409 қызмет іске қосылған.
Сонымен қатар, Мадатов Әзірбайжанда 35 мыңнан астам электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) берілгенін хабарлады. Салыстыратын болсақ, Қырғыз елінде 3 мыңға жуық электрондық қолтаңба берілсе, Қазақстанда олардың саны 8,2 миллионнан астамды құрады.
Қазақстанға қарағанда Қырғызстан және Әзірбайжан республикаларында ЭЦҚ ақылы түрде беріледі.
АР Байланыс және жоғары технологиялар министрлігінің электрондық үкіметті дамыту департаментінің директоры Ельнур Аспанов банк картасының деректерін енгізусіз онлайн төлемдерді жүргізу бойынша жоспарлармен бөлісті. Ол қазіргі таңда Қазақстанда енгізіліп жатқан сервистік модель тәжірибесіне де қызығушылық танытты.
Бұдан басқа, делегация қатысушылары Әзірбайжан республикасының Байланыс пен ақпараттық технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Велизадемен кездесті. Ол әзірбайжан елі электрондық үкімет дамуында қазақстандық тәжірибені де ескеретінін атап өтті.
Сонымен қатар, Базалық ұйым мүшелері Беларусь пен Молдова республикаларының АКТ саласы өкілдерімен бір қатар кездесулер өткізді, ал келесі аптада делегация Өзбекстан мен Түрікменстанға аттанады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар