2015 жылы Ақмола облысында 6 астық қоймасын ашу жоспарлануда

9 Қыркүйек, 2015 14:15
2015 жылы Ақмола облысы бойынша 12 жобаны іске қосу жоспарланған қуаттылығы 13 000 тонна көкөніс қоймасы, қуаттылығы 159 500 тонна 6 астық қоймасын ашу жоспарланған, деп «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арасында тмеморандумға қол қойылудың қорытындысы бойынша «ҚазАгро» хабарлады.

« «ҚазАгро» холдингінде «Шапағат» коммуналдық базарында өз өнімдерін сатуға қатысу үшін холдингтің компанияларында қаржыландырылған барлық мүдделі агробизнес өкілдерін тартуға ниеттеніп отыр. холдинг, сондай-ақ өзінің қарыз алушылары арасында елдорданың «Шапағат» базарындағы бос сауда орындары туралы мәліметтерді таратуға көмек көрсететін болады, және бұдан өзге, оның құрылымына кіретін қаржы ұйымдарының несие өнімдері туралы ақпаратты ұсынады. Әңгіме, Аграрлық несие корпорациясы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының және ҚазАгроҚаржының несие ресурстары мен лизинг бағдарламаларын пайдалану арқылы қойма, мұздатқыш бөлмелерін салу мүмкіндіктері, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін өлшеу, буып-түю және қайта өңдеу үшін жабдықтар сатып алу туралы», - деді   «ҚазАгро» ұлттық холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева.

Қол қойылған құжаттың шарттарына сәйкес, қажет болған жағдайда әрбір тарап Меморандумды іске асыруға жауапты өзінің уәкілетті өкілдерін тағайындауға құқылы.

2015 жылы Ақмола облысы бойынша 12 жобаны іске қосу жоспарланған  (қуаттылығы 13 000 тонна көкөніс қоймасы, қуаттылығы 159 500 тонна  6 астық қоймасы, 4,4 га арналған жылыжай, қуаттылығы 9 400 тоннаға дейінгі құс етін шығаратын құс фабрикасы, астықты қайта өңдеу, қуаттылығы 7 000 тонна көкөніс қоймасы ашылмақ.

 

Барлық жаңалықтар