- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрлігінде Бейжіңдегі парадқа қатысқан әскерилер марапатталды (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрлігінде Бейжіңдегі парадқа қатысқан әскерилер марапатталды (ФОТО)
«Сіздерге ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының атынан алғыс білдіргім келеді. Жүктелген міндеттерді абыроймен атқардыңыздар, біз Сіздерді мақтан тұтамыз. Барша Қазақстан халқы осы парадты тамашалады және еліміздің Қарулы Күштерін мақтан етті. Осынау парадқа қатысудың маңызы ерекше. Өйткені, Қытай таяу көршіміз ретінде екі ел арасында мығым достық қарым-қатынас орнаған. Парадқа қатысу арқылы сіздер үлкен тәжірибе жинақтадыңыздар», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. Қазақстандық әскерлердің атынан осынау ауқымды парадқа ҚР Қорғаныс министрлігінің құрмет қарауылы ротасы қатысты.
Анағұрлым ерекше көзге түскен сегіз әскери қызметші ҚР Қорғаныс министрінің қолынан «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлес үшін» медалін алды.
«Біз Бейжіңде өтетін шеруге бір айға жуық Астанада және 10 күндей Қытайда дайындалдық. Мұндай ауқымды іс-шарада бүкіл әлем алдында елімізді, Қарулы Күштерімізді көрсету біз үшін үлкен мақтаныш. Бізге әскерімізді, саптық дағдымызды жоғары деңгейде көрсетуіміз қажет еді. Жоғарғы Бас Қолбасшы, еліміздің Қорғаныс министрі, әлемдік державалардың көшбасшылары алдында біз лайықты деңгейде адымдап өттік деп ойлаймын», - деді ҚР ҚМ құрмет қарауылы ротасының командирі Мақсат Байжігітов.
Парадқа 17 елдің әскери қызметшілері қатысты. Қазақстанның Қарулы Күштерінен 76 әскери қызметші қатысты.
«Мен алдымен ту ұстаушы топтың құрамында сол жақтағы ассистент болып келе жаттым. Бейжіңдегі аптап ыстық жаттығу жасауға белгілі бір қиындықтар туғызды. Астанада жаттығу жүргізу әлдеқайда ыңғайлы болды. Алайда, бұған қарамастан, Жоғарғы Бас Қолбасшымыздың берген жоғары бағасы және Қорғаныс министрінің құрмет қарауылы ротасын марапаттауы біздің тиісті деңгейде адымдап өткенімізді және бүкіл әлемге әскерімізді паш еткеніміздің айғағы болып табылады. Қазір біз өзіміздің тікелей қызметтік міндеттерімізге, яғни, Отанымызды қорғап, саптық машығымызды арттыруға кірісудеміз», -деді Бейжіңдегі парадқа қатысқан ҚР ҚМ ҚҚР взвод командирі аға лейтенант Ялкунжан Чугаров.
Құрмет қарауылы ротасына еліміздің Қарулы Күштерін көрсетуге машықтанған 22 мен 28 жас аралығындағы қазақстандық армияның үлгілі әскери қызметшілері іріктеліп алынғанын естеріңізге сала кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады