- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық банк жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлейді
Ұлттық банк жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлейді
Тәртіпке сәйкес, салымшыда 2015 жылғы 18 тамыз операциялық күннің соңында екінші деңгейдегі банктерде және /немесе «Қазпочта» АҚ-та теңгемен ашылған депозит болған кезде оған бағамдық айырма төленетін болады.
«Бұл ретте 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теңгеден аспауға тиіс. Бағамдық айырманы төлеу жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады. Бағамдық айырманы алу үшін салымшы депозитті арнайы шотта кемінде бір жыл сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады», - делінген хабарламада.
Салымшылар 2015 жылғы 1 қазанға дейін банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы қажет. Өтемақы тетігінің шеңберінде 2 млн. жуық салымшыға бағамдық айырманы төлеу жоспарланып отыр. Ақы төлеу шарттарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды