- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы коммуналдық базарда ауыл-шаруашылығы өнімдері өндірушілердің бағасымен саудаға шығарылатын болады (ФОТО)
Астанадағы коммуналдық базарда ауыл-шаруашылығы өнімдері өндірушілердің бағасымен саудаға шығарылатын болады (ФОТО)
Меморандумқа қол қоюға ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамедиева мен «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Арман Рамазанов қатысты.
Құжатта аталып өткендей, тараптар Астана базарларында отандық тауарларға қол жетімділікті, сонымен қатар Қазақстанның агроөндіріс секторының өнімдерін өткізуді қамтамасыз етуде күш біріктірмекші.
«Коммуналдық базар Астана қаласы әкімдігіне тиесілі және «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» компаниясының басқаруына берілген. Бүгінде негізгі саудамен бір-бірінен сатып алушылар айналысады. Осы жағдайды болдырмау үшін біз «ҚазАгро» холдингісімен меморандумға отырдық. Яғни ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «Шапағат» базарында өз өнімдерін тікелей ұсына алады, осылайша баға айтарлықтай төмендейді. Біз таураөндірушілердің бағасымен саудаға шығаратын боламыз десек болады», - деді А.Рамазанов.
Басқарма төрағасының айтуынша, «ҚазАгро» компаниялар тобының заемшыларына «Шапағат» коммуналды базарында жалға сауда орыны берілетін болады. Осылайша олар өз өнімдерін саудаға шығарады. ӘКК меморандум аясында ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер мен «ҚазАгро» холдингін босаған орын туралы хабардар етіп отырады.
Ботагөз Айтжанова
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы артты -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Қазақстандық энергия өндірушілердің шекті тарифтері 15%-ға артпақ -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Мамин: 2021 жылы мұнай-газ өнімдерін 12 %-ға арттыру жоспарланды -
Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады