- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2016 жылы қонақ үй-пойыздарын іске қосу жоспарлануда – ИДМ
Қазақстанда 2016 жылы қонақ үй-пойыздарын іске қосу жоспарлануда – ИДМ
Қазақстанда келесі жылы доңғалаққа орнатылатын қонақ үйлерді іске қосу жоспарлануда. ҚР ИДМ-да тұсаукесері өткен жобаның бастамашысы -«Тұран Экспресс» темір жол жолаушы компаниясы.
Бастамашылар осы жобаның табысты болатынына күмәнданбайды. Компания 2013 жылы Алматы – Алакөл көлі – Достық маршруты бойынша жүретін мамандандырылған туристік поезддар ұйымдастырған еді. Осындай маршруттарға сұраныс зор болды. Сондықтан, компания тасымалдау географиясын және көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту жөн деп шешті. Атап айтқанда, жобада «Гранд де Люкс», СВ, купе және басқа сыныптардағы вагондардан құралатын поездармен Қазақстанның және Орта Азияның тарихи және мәдени жерлерінде бірнеше маршрут ұйымдастыру көзделуде.
«Біз Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Түркістан-Қызылорда-Байқоңыр темір жол маршрутын елордамыз Астанаға да міндетті түрде жеткізіп, «доңғалақтағы қонақ үй» болатын туристік поезд құрастыруға мүмкіндігіміз бар» - дейді -«Тұран Экспресс» компаниясының бас директоры Роман Ботабеков.
Жобаның бастамашысы салық преференциялары, тасымалдауға субсидия бөлу, жеңілдікті кредиттеу өлігінде мемлекет тарабынан қолдау көрсетілуіне үміттеніп отыр.
Өз кезегінде, министрлік, таяу уақытта мемлекеттік қолдауды, оның ішінде даму институттары тарабынан қолдау көрсету мүмкіндігі қарастырылатынын хабарлады.
«Осындай сапарлар, әсіресе «Жібек жолы» бағдарламасының шеңберінде каникул кезінде мектеп оқушылары үшін танымдық жағынан пайдалы болар еді. Бұл олардың өз халқының тарихы мен мәдениетін тануда қосымша білім алуына әрі балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға да септігін тигізеді» - деп атап өтті министр Әсет Исекешев.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды