• Басты
  • Оңтүстік Қазақстан облысы ЭКСПО-2017 көрмесіне өз өнімін жеткізуді бастады
9 Қыркүйек, 2015 12:58

Оңтүстік Қазақстан облысы ЭКСПО-2017 көрмесіне өз өнімін жеткізуді бастады

Оңтүстік Қазақстан облысы ЭКСПО-2017 көрмесіне өз өнімін жеткізуді бастады, деді ОКҚ-да өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
Оңтүстік Қазақстан облысы ЭКСПО-2017 көрмесіне  өз өнімін жеткізуді бастады

«Жыл басынан бері Кентау трансформатор зауытының трансформаторлары мен метал өнімдерін бойынша келісім шарт бар. Қазіргі уақытта 50 мың текше метр цемент жеткізілді», - деді С.Тұяқбаев.

Сондай-ақ, әкімнің орынбасары «Азия керамика» кәсіпорны керамикалық плита жеткізеді. Сонымен қатар, рірі жиһаз фабрикасының құрылысы аяқталған соң ЭКСПО-2017 көрме орнына матадан жасалған материалдар жеткізіледі. Фабрика құрылысының құны 20 млн долларды құрайды.

Индустрияландыру картасы аясыда облыста 137 жоба жүзеге асырылды.

«Біз қазір аталмыш кәсіпорындарды тиімділету жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Үкіметтің жаңа ақша–несие саясатына өтуі оң әсерін беріп жатыр, себебі өнім экспортқа шығуда», - деді ол.

 

 

 

Барлық жаңалықтар