- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарында әскери міндеттілермен әскери жиын басталды (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарында әскери міндеттілермен әскери жиын басталды (ФОТО)
Жиын 23 қыркүйекке дейін созылады, оған 31 мен 37 жас аралығындағы 70 адам қатысады. Әскери міндеттілер жауынгерлік даярлық пен әскери іс негіздерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде әскери полиция органдарының қызметі мен міндеттерін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді зерделейді.
Жиын аяқталысымен әскери міндеттілер әскери есепке алу мамандықтары мен лауазымдарға сәйкес келуіне жиынның оқу бағдарламасын меңгергенін растау үшін емтихан және сынақ тапсырады. Резерв бағдарламасын сәтті аяқтағандарға кезекті әскери атақ беріліп, грамоталар табыс етіледі.
Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығындағы әскери міндеттілер жиынының өту барысын ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының бастығы генерал-майор Тимур Дәндібаев бақылап отырды.
Әскери жиынның негізгі мақсаты әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын өрістету үшін қажет қорда әскери-оқытылған ресурстарды дайындау және жинақтау болып табылатынын айта кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі