• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс Қазақстан мен Иран арасындағы халықаралық көлік тасымалы туралы келісімді ратификациялады

Мәжіліс Қазақстан мен Иран арасындағы халықаралық көлік тасымалы туралы келісімді ратификациялады

9 Қыркүйек, 2015 11:54
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Қазақстан мен Иран арасындағы келісім 2014 жылы Астанада жасалды. Келісім екі мемлекет арасындағы жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалы, сондай-ақ транзиттік және мемлекеттердің бірінде тіркелген көлікпен үшінші елдерден жүргізілетін тасымалды реттеу мақсатында әзірленген. 

«Екі ел арасындағы автомобиль қатынасы 1993 жылғы үкіметаралық келісіммен реттеледі, бірақ бұл келісімде рұқсат қағаздарымен алмасу мәселесі анықталмаған. Жаңа келісімде рұқсат қағаздарының түрлері, олармен алмасу квотасын белгілеу тәртібі, сондай-ақ Қазақстан мен Иран арасындағы негізгі тасымалдау қағидалары реттелген. Келісімге сәйкес, жолаушыларды тұрақты транзиттік тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды тұрақты тасымалдау рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады. Тұрақты емес жолаушылар тасымалы бақылау құжаттары болған кезде іске асырылуы тиіс», - деп атап өтті өз баяндамасында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. 

Министрдің айтуынша, Иран автомобиль тасымалы саласында Қазақстанның маңызды әріптесі. Қазақстан мен Иран арасындағы тасымал көлемі жылдан-жылға өсуде, мысалы, былтыр 27 пайызға артқан.

 

Барлық жаңалықтар