- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс бірінші оқылымда құрылыс және жобалау сапасын арттыру туралы заң жобасы қабылдады
Мәжіліс бірінші оқылымда құрылыс және жобалау сапасын арттыру туралы заң жобасы қабылдады
Заң жобасының негізгі мақсаты – сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау мен қадағалаудың қолданыстағы жүйесін, сондай-ақ құрылыстағы баға белгілеуді, мемлекеттік нормативтерді және рұқсат беру жүйесін жетілдіру.Заң жобасы бойынша Азаматтық және Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстеріне, бұған қоса, сәулет, қала құрылысы, мемлекеттік бақылау және қадағалау, мемлекеттік мүлікке қатысты үш заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.
«Бұл өзгерістер құрылыс және жобалау сапасын, сонымен қатар, құрылыс саласындағы менеджмент деңгейін арттыруға, жаңа технологияларды және тиісті сметалық нормаларды енгізуді жылдамдатуға, инвестициялар тартуға, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңдардың талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған», - деп хабарлады Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетте.
Заң жобасына депутаттар «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам. Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» жоспарын іске асыру аясында түзетулер енгізді. Сондай-ақ заң жобасының жекелеген нормалары мен мазмұнын нақтылауға бағытталған өзгерістер енгізілген.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы