ШҚО-ның Жарма ауданында тау-кен байыту зауыты іске қосылады

9 Қыркүйек, 2015 12:09
Жарма ауданында келесі жылы «Бақыршық» ЖШС тау-кен байыту зауытын іске қосу жоспарланған, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Айта кетейік, инфрақұрылым мен қайта жөнделу аяқталған соң кәсіпорын  келер жылдан бастап пайдалы байлықтарды өндіре бастайды.  Пайдалануға берілгеннен кейін инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайтын болады.

Сондай-ақ,  Жарма ауданында 5 шаруа қожалығының меншігіндегі қолданылмаған 500 га суармалы жер сот арқылы қайтарылып, инвесторларды тарту жұмыстары жүргізілуде.

15 жыл бойы игерілмеген жерлерге енді жаңа өндіріс ошақтары салынады.

 Қазіргі таңда Жарма ауданында 7 шаруа қожалығы иелігінде 1835 суармалы жер бар. Жуырда оның 600 га жері сот арқылы қайтарылып алынып, «Георгиевка» ЖШС заманауи құралмен жабдықталған сүт фермасын салуды жоспарлауда.

«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, суармалы жерлер қайтарылып, игеріліп жатыр. Әкімдікке қарасты барлық суармалы жерге байқау жарияланып, бірнеше инвестициялық жобалар тартылуда», – деді Әнуарбек Мұхтарханов.   

 

Барлық жаңалықтар