• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмолалық спортшы Тайландтағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды (ФОТО)

Ақмолалық спортшы Тайландтағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды (ФОТО)

9 Қыркүйек, 2015 20:43
Ақмолалық спортшы Фаина Сиванбаева Тайланд елінде өтіп жатқан ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионатында үшінші орынды иеленді, деп хабарлады ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Тайланд елінде қыркүйектің 6-12 аралығында ерлер мен әйелдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың 3 күні 63 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Фаина Сиванбаева жұлқа көтеруден екінші нәтиже көрсетсе, серпе көтеруден үшінші орынға тұрақтады. Осылайша, қос жаттығудың нәтижесі бойынша Фаина қола медальға қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әсем Садықова да қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Барлық жаңалықтар