- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаевтың бастамасы – АТОМ жобасын Тайланд мемлекеті қолдайды
Н.Назарбаевтың бастамасы – АТОМ жобасын Тайланд мемлекеті қолдайды
Тұсаукесер Республикамыздың ядролық қарусыздандыру саласындағы маңызды үлесін мойындаған Ұйымның «БҰҰ күні» мерекелеу күніне орай ұйымдастырылды. 2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанмен ұсынған қарарын бірауыздан қабылдап, 29 тамыз «Ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекеттердің халықаралық күні» болып жариялады. Дәл осы күні 1991 жылы біздің елде Семей ядролық полигоны жабылған.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі ұйымдастырып, оның барысында «Сталинға сыйлық» атты тақырыптық фильм көрсетілді.
«Таныстыру рәсімінде Таиландтың министрлік пен мекемелер басшылығы, парламент, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының өкілдері, тай компанияларының басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, корольдіктің қоғамдық-саяси қайраткерлері, дипломатиялық корпус және де жетекші тай БАҚ-тың журналистері қатысты»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марат Есенбаев құттықтау сөзбен сөз сөйледі. Ол қатысушыларға әлемдегі ядролық қарусыздандырудағы Қазақстанның үлесі мен «АТОМ» жобасы туралы баяндады. Қазақстандық дипломат тұсаукесер рәсімінің қонақтарын бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақ салдарын жою жолындағы еліміздің жігері мен халықаралық қоғамдастықтың қатысуын, сонымен қатар осы аяда жұмысты жалғастыру маңыздылығы мен ядросыз әлем құруда «АТОМ» жобасының рөлін атап көрсетті.
Қонақтар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатын қолдайтандырын білдіріп, ядролық қаруларды таратпау және оны әлемдік тұрақтылықты қорғау мен ядролық қарусыз әлем құру үшін іске асыру қажеттілігі саласындағы Қазақстанның қоғамдық бастамаларының зор маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар әлем үкіметтерін ғаламшарда біржола ядролық сынақтарды аяқтау мен ядросыз қару әлеміне маңызды қадам жасауға шақыру туралы «АТОМ» жобасының онлайн-петициясына қол қою мүмкіндігіне ие болды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы