Қазақстанда жекешелендіру аясында 196 нысан сатылды

9 Қыркүйек, 2015 10:34
2015 жылдың 7 қыркүйегіндегі жағдай бойынша іс жүзінде саудаға 374 нысан шығарылды, оның ішінде 196 нысан сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 87, ӘКК - 57, холдингтер бойынша – 42, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 290 млн. теңгеден астам, Холдингтер 60 835 млн теңге, ӘКК 2 919 млн. теңге.

Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 нысан  жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 нысан  жоспарланған. Ағымдағы жылдың 7 қыркүйектегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 нысан шығарылды, оның ішінде 10 нысан  сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014 - 2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 240 нысанның  сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 202 нысан і жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 7 қыркүйектегі жағдайы бойынша 192 нысан шығарылды, соның ішінде 87 нысан  сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 нысан  белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қыркүйектегі кезеңінде 97  нысан  жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 78 нысан  сатуға қойылды, 57 нысан  сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 нысан  жекешелендіруге жатады, 7 қыркүйектегі жағдайы бойынша жоспарланған 83 нысанның  83 нысан  сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 42 нысан  сатылды. 

Барлық жаңалықтар