- Басты
- Жаңалықтар
- Алматының индустриаландыру картасына 62,6 млрд теңгенің 22 жаңа жобасы қабылданды
Алматының индустриаландыру картасына 62,6 млрд теңгенің 22 жаңа жобасы қабылданды
ӨҮК-нің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды, олар - Алматының 2015-2019 жыдарғы индустриализация Картасына жаңа индустриалды-инновациялық жобаларды енгізу және Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта жүзеге асатын индустриалды жобаларды іріктеу.
Отырыс барысында құрылыс, тамақ, химия және машина жасау өнеркәсібі салалары бойынша бірқатар жобалар қаралды.
Қала басшысы Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтың әлеуметтік мәнін ерекше атап өтті. Әкім компаниялардан түсетін өтініштерді барынша мұқият саралауды айтты. Жобаларды іріктеу барысында экспорттық және импорттық бағыттың негізгі фактор болуы тиіс екендігін қатаң ескертті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында барлық жобалар жоғарытехнологиялы өнімге бағытталулары тиіс. Бұл - абсолютті критерий. Жерді тек экспортқа бағытталған өнідіріспен айналысатындарға ғана берген жөн. Мұндай жобалар бар, бірақ олар жеткіліксіз. Бұл басты шарттың қатаң сақталғаны абзал, сонда ғана бос тұратын жобалар жиынтығы болмайды», - деді Бауыржан Байбек.
Осылайша, жалпы құны 62,6 млрд. теңге болатын 22 жаңа жоба қабылданды. Нәтижесінде Алматының 2015-2019 жылдарғы индустриализация Картасына енді жалпы құны 80,2 млрд теңге болатын 29 жоба енеді, соның арқасында пайдалануға берілер кезеңінде 4 мыңнан астам, ал құрылыс барысында 5,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады.
Отырыс соңында қала әкімі бірқатар тапсырмалар берді, олар - барлық жобалардың қаржыландырылуы мен рұқсат құжаттарын тез арада берілуіне ықпал ету, соның ішінде жер мәселесі бойынша. Бұдан өзге техникалық жағдайлар мен инфрақұрылымға қосылу мәселелерін де шешіп беру.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр