- Басты
- Жаңалықтар
- Сербия, Индонезия мен Венгрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға өз келісімдерін берді
Сербия, Индонезия мен Венгрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға өз келісімдерін берді
Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто өз хатында алдағы көрме В2В пішімдегі қызмет үшін де, энергия тұтыну және нығайту сұрақтары бойынша сарапшылар арасындағы сұхбат жүргізу үшін де өте жақсы негіз болатынын атап айтты.
Бүгінгі таңда 45 мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады, бұлар – Ресей, Қытай, Франция, Германия, Түркия, Корея, Жапония, Израиль, Үндістан, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Боливия, КХДР, Вьетнам, Швейцария, Түркменстан, Тәжікстан, Румыния және т.б.
Осыдан басқа, 19 елдің – Франция, Куба, Боливия, Армения, Әзірбайжан, Түркменстан, Беларусь, Қырғызстанның және басқа мемлекеттердің комиссарлары тағайындалған. Азия және Тынық Мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиядан (ЭСКАТО) комиссар тағайындалды.
1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның 13-бабына сәйкес, көрмеге қатысатын кез келген елдің Үкіметі шақырып отырған ел Үкіметі жанында өз мүдделерін ұсыну үшін Секцияның бас комиссарын тағайындауы тиіс екенін еске саламыз. Секцияның бас комиссары өз елін ұсынуды ұйымдастыру үшін жеке-дара жауапты болады. Ол Көрменің бас комиссарына оның елінің құрамы қандай болатындығы туралы хабарлайды, сонымен қатар экспоненттердің құқықтары мен міндеттерінің сақталуын қадағалап отырады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері