• Басты
  • Жаңалықтар
  • З. Қабулдинов: Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған почталық марканың шығуы тарихи мағынаға ие (Видео)

З. Қабулдинов: Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған почталық марканың шығуы тарихи мағынаға ие (Видео)

8 Қыркүйек, 2015 18:32
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған почталық маркасының шығуы тарихи мағынаға ие, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қазақстанның тарихшылар ұлттық конгресінің ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабулдинов.

«Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде тарихи оқиға өтті. Тарихта тұңғыш рет Қазақ хандығына арналған марканы шығарып отырмыз», - деді З.Қабулдинов.

З.Қабулдинов айтқандай, марканың шығуы үлкен тарихи маңызға ие – бұл патриотизм мен тәуелсіз Қазақстан азаматтарының ұлттық тарихқа қызығушылықтарын арттыру.

«Елбасы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену мақсатын қойып отыр. Бұл мақсатты тек халық патриоттық  рухтың күшімен жүзеге асырады. Тек тарихын жетік білген адам  ғана өз елін гүлденген, мықты мемлекетке айналдыру үшін жұмыс істейді», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар