Дүниежүзілік банк ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

8 Қыркүйек, 2015 17:59
Дүниежүзілік банк ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатыспақ. Осы шешім жөнінде банк вице-президенті Илланго Патчамуту ЭКСПО-2017 Комиссары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевпен кездесуі кезінде мәлімдеді.

ҚР Ұлттық компания хабарлағандай, әңгімелесу кезінде тараптар ең ірі халықаралық қаржы ұйымының Қазақстанның инвестициялық жобаларына қатысу мәселесін де ортаға салды.

Дүниежүзілік банк ұйымдарының тобына келесілер кіреді: Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық даму қауымдастығы, Халықаралық қаржы корпорациясы, Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көп тарапты агенттік, Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық.

АҚШ-ның Үкіметі және   ірі компаниялары Қазақстандағы алда келе жатқан көрмеге қатысу мәселесін талқылауда. Бұл жөнінде АҚШ энергетика министрінің көмекшісі Джонатан Элкайнд қазақстандық делегация өкілдеріне хабарлады. Ол «жасыл» технологияларды дамыту және энергияның баламалы көздерін ендіру саласында әділ түрде әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде саналатын американдық компаниялар Астанада өз жаңа технологияларын таныстыруға дайын деп мәлімдеді.

ЭКСПО-2017 көрмесіне Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссия, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, ЮНЕСКО, Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік,  ЮНИДО секілді жетекші халықаралық ұйымдар да қатысайын деп отырғанын еске саламыз.

 

Барлық жаңалықтар