• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Жақсыбеков жаңа нысандарға апаратын жолдардың мәселесін шешуді тапсырды (Фото)

Ә.Жақсыбеков жаңа нысандарға апаратын жолдардың мәселесін шешуді тапсырды (Фото)

8 Қыркүйек, 2015 19:47
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков салынып жатқан білім беру және денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Жыл соңына дейін «Есіл» ауданында 200 орындық балабақша іске қосылады.   Нысан жаңа тұрғын ауданында орналасқан. Сондай-ақ, елорда әкімі № 26, № 37, № 38 және Хусейн бен Талал көшесінде салынып жатқан 1200 орындық мектепке барды. Бұл мектеп өте қолайлы жерде орналасқан. Жаңа білім ордасы жыл соңында пайдалануға беріледі.  

Білім беру мекемелерінен бөлек, елорда басшысы денсаулық сақтау саласындағы нысандармен де танысты. Атап айтқанда, Қабанбай батыр даңғылы мен №30 көшенің қиылысында 250 орындық қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Теміржолшылар тұрғын алабында орналасқан 500 орындық туберкулезге қарсы диспансер, сонымен бірге бір ауысымда 150 келушіні қабылдауға арналған 250 орындық медициналық-санитарлық оңалту орталығы іске қосылмақ.

Жаңа нысандарды тапсыруға орай, қала әкімі Астанада туберкулез ауруына шалдығу жағдайларының төмен екендігі байқалатынын атап өтті. Ә. Жақсыбеков жиналыс барысында инфрақұрылымға қатысты мәселелерге, жаңа нысандарға апаратын жолдарға, жаңа білім беру және медициналық мекемелердің кәсіби кадрларына тоқталды.

 

 

Барлық жаңалықтар